Астанада екі компанияның басшысы 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада екі компанияның басшысы 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

08.09.2023

Астанада көппәтерлі 4 үйдің құрылысын 10 жылдан бері аяқтамаған екі компанияның басшысы ұсталды. Олар 2 миллиард теңгені жымқырған деген күдікке ілініп отыр. «Нұрлы-Жол-К-2008» және «Astana Building» компанияларын басқарған басшыларына алаяқтық бабы бойынша айып тағылуы мүмкін. Ал елордада 200-дей үлескер жылдар бойы пәтерлерін күтіп жүр.    


Шерхан Жамбылұлы 

Хабарламаларға жазылу