Маңғыстауда 68 жастағы зейнеткер банкрот деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 68 жастағы зейнеткер банкрот деп танылды

07.09.2023

Маңғыстауда 68 жастағы зейнеткер банкрот деп танылды. Енді оның 1 млн 300 мың теңге қарызы кешіріледі. Ол әзірге еліміз бойынша банкрот болған ең егде адам. Аймақта одан басқа тағы 28 тұрғынның 66 млн теңгеден астам берешегі жойылады.

Жалпы заң күшіне енгелі бері, облыста екі жарым мыңға жуық тұрғын өзін-өзі банкрот деп тануға арыз берген. Қазір 236 тұрғынның өтініші бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Базарбек Баймағанбетов, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

Бұл рәсімнің келесі салдары бар. Яғни, 5 жылдан астам жаңа несие алуға тыйым салынады. Мұндай азаматтардың үстінен 3 жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізілетін болады. 2-деңгейлі банктерге жүйе арқылы ақпарат барып тұрады. Сондықтан бұл азаматтар несие ала алмайды


Хабарламаларға жазылу