Алматыда жүргізушісі жоқ автобус кенеттен жүріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус кенеттен жүріп кетті

07.09.2023

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус кенеттен жүріп кетті. Оқиға Абай мен Наурызбай көшелерінің қиылысында болған. Жол жиегінде тұрған қоғамдық көлік артқа жүріп кетіп, бағдаршамда тұрған төрт көлікке соқтығысқан. Бұл кезде № 79 автобустың жүргізуші сыртта жүрген. Полиция департаментінің дерегінше, жол көлік оқиғасы салдыранан «Киа» маркалы автокөліктің жолаушысы дене жарақатын алған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. 


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу