«Ұлы дала жорығы»: Ұлттық спортты насихаттауға арналған ат жарысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала жорығы»: Ұлттық спортты насихаттауға арналған ат жарысы басталды

06.09.2023

«Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі басталды. Астанадан шыққан шабандоздар бүгін 50 шақырымды еңсеруі тиіс.

Ұлттық спортты насихаттауға арналған ат жарысы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бәйгеге ел өңірлерінен 19 команда қатысып жатыр. Қазақтың кең даласын басып өтетін марафон 19 қыркүйекте Түркістанда мәресіне жетеді. Жорық 14 кезеңнен, 1 300 шақырым қашықтықтан тұрады. Бірінші және соңғы кезеңде - 50 шақырым. Басқа 12 кезеңде 100 шақырымды жүріп өтеді. «Ұлы дала жорығы» марафонының жалпы жүлде қоры - 65 миллилон теңге. Жорық барысын 2 халықаралық және 2 қазақстандық төреші бағалайды. Жол бойы аттардың жағдайын мал дәрігерлері тексеріп отырады.

Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясы қамқорлық кеңесінің төрағасы:

Жол бірнеше облыстың үстімен жүреді. Астанадан басталған шара Ақмола, Қарағанды, Ұлытау  Қызылорда және Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде аяқталады. 650 шақырымды жүріп өткеннен кейін ат ауыстыруға мүмкіндік бар. Сонда сөреден шыққан ат 650 шақырым жүріп өтуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу