Елімізде салықтың қандай түрлері қысқаратыны белгілі болды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтің сөзінше, 3 негізгі салық сақталады. Ол корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және пайдалы қазбаларды өндіру салығы. Ал шағын алымдар, жарнама үшін және басқа да бағыттағы төлемдер қысқаруы мүмкін. Бұл жаңа Салық кодексінде жазылған.
Құжат Үкіметте қаралып, жақын күндері жарияланады. Салық жеңілдіктерін 20 пайызға дейін азайту президент Жолдауындағы тапсырма болатын.