АЭС салуға қатысты референдум өткізуге қомақты қаражат жұмсалмайды – Ерұлан Жамаубаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС салуға қатысты референдум өткізуге қомақты қаражат жұмсалмайды – Ерұлан Жамаубаев

06.09.2023

Атом электр станциясын салуға қатысты референдумды өткізу үшін 16 миллиард теңгеден артық қаржы жұмсалмайды. Премьер-министрдің орынбасары әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Айтуынша, саяси науқанды өткізу үшін алдымен орталық сайлау комиссиясы бюджет процесі бойынша әлі тапсырыс бермеген. Сондықтан шығын мөлшері былтырғы референдумнан аспауы мүмкін деп топшылады. 

Былтыр 5 маусымда өткен Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдумға бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінген болатын. Әзірге науқанның қашан өтетіні белгісізі. Ал Орталық сайлау комиссиясы АЭС салуға қатысты референдумды өткізуге дайын екенін жариялады.


Хабарламаларға жазылу