Құсни хат көрмесі (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құсни хат көрмесі (ФОТО)

04.02.2016
Құсни хат көрмесі  (ФОТО)
Құсни хат көрмесі  (ФОТО)

Түбі бір түркі жұртының береке-бірілігінің артуына Қазақстан мен Түркияның тәуір қызмет қылып жатқанын жұрт біледі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың талай ізгі бастамаларға мұрындық болғаны да бұқараға аян. Түркі әлемінің мәдени-рухани, экономикалық байланыстары тереңдеп келе жатыр. Анадолы жақта да, Ұлы дала елінде де мәдени-рухани талай жиындардың, кездесулердің, салтанатты кештердің өтіп жататынын естіп, біліп жүрміз. Осындай мәдени шараларды Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы да жиі ұйымдастырып келеді. Жақында ғана аяқталған «Астанада Құнси хат және каллиграфия күндері атты» көрме соның айғағы.

Құсни хат көрмесі  (ФОТО)

Құсни хат көрмесі  (ФОТО)

Ақпанның алғашқы күндері ұйымдастырылған көрменің авторы түркиялық құсни-хатшы Мухаррем Гөкшен. Ол көрмеге 34 жұмысын әкеліпті.

Құсни хат көрмесі  (ФОТО)

Былайғы жұрт каллиграфия өнері туралы азды-көпті хабардар. Бірақ, құсни хат туралы олай деуге келмейді. Әдетте, көркем жазу деп сипатталатын құсни-хат өнері ислам мәдениетінің үлгісі. Арабтың «хұсн» деген сөзінің өзі «сұлулық», «әдемілік», «көркемдік» деген мағына беретін болса керек. Ал, каллиграфия латын әріптерімен жазылатын көркем жазудың үлгісі саналады. Екі өнердің ортақ тұсы да көркем жазу.

Құсни хат көрмесі  (ФОТО)

Құсни хат көрмесі  (ФОТО)

Айтпақшы, Астанадағы көрмеде түркиялық шебер құсни хат жазуды меңгергісі келгендерге білгенін үйретуден де қашпады
.

Құсни хат көрмесі  (ФОТО)

Құсни хат көрмесі  (ФОТО)
Құсни хат көрмесі  (ФОТО)
Құсни хат көрмесі  (ФОТО)
Құсни хат көрмесі  (ФОТО)

Kaznews. kaztrk. kz

Хабарламаларға жазылу