Мәжіліс депутаты: Көлсай көлдеріндегі жерлер жекенің қолында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты: Көлсай көлдеріндегі жерлер жекенің қолында

06.09.2023

Еліміздегі жеті кереметтің бірі саналатын Көлсай көлдеріндегі ең шұрайлы жерлер жекенің қолына өтіп кеткен. Бүгін Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов өзінің депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. Ол жердің қаншалықты заңды берілгенін тексеруді талап етуде. Мәжілісменнің дерегінше, Ұлттық парк аумағындағы жерлер мақсатсыз пайланылуда. Айналаға шамамен 300-дей киіз үй мен тамақтану шатырлары тігілген. Бірақ дәретхана жоқ. «Таулы аймақта кәріз жүйесі болмағандықтан шайынды сулар мен нәжіс жерге сіңіп жатыр. Осылайша тұмса табиғаттың экологиясы бұзылуда», - деді.

Данияр Қасқарауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Енді кәсіпкерлер қонақүй, бассейн, дәмхана салып жатыр. Мәлімет бойынша, бірде біреуінің құрылыс салуға рұқсат қағаздары жоқ. Осы ретте жалғыз Көлсай емес барлық Ұлттық парк аумағындағы сатылған, ұзақ жылға жалға берілген барлық жерлердің заңдылығын тексеріп, мемлекет меншігіне қайтару қажет деп санаймын.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу