Бразилияның оңтүстігінде дүлей дауыл соғып, күн күркіреп, жауын құйды. Соның салдарынан өзендер арнасынан тасып, елдімекендер мен егістік алқаптары су ортасында қалды. 22 адам табиғи апаттың құрбаны болды. Ондаған үйдің шатыры зақымданып, жүздеген тұрғын байланыссыз қалған. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, алапат тропикалық циклоннан Санта Катарина және Рио-Гранд-Сул штаттары ең көп зардап шекті.
Арыстан Рысбек