Президент Экология және табиғи ресурстар министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Экология және табиғи ресурстар министрін қабылдады

06.09.2023

Орман өртінің ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу керек. Президент жаңадан тағайындалған Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа осындай тапсырма жүктеді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту жөніндегі жоспардың іске асуын ерекше бақылауға алу қажет екенін ескертті. Мемлекет басшысы министрлікке қарасты ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсартып, ағаш отырғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру керектігіне назар аударды. 


Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу