Қазақстан мен Финляндия арасындағы матчтың билеттері түгел сатылып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Финляндия арасындағы матчтың билеттері түгел сатылып кеткен

05.09.2023

Осы бейсенбіде өтетін Қазақстан мен Финляндия арасындағы матчтың билеттері ойынға екі апта қалғанда түгел сатылып кеткен. Бұл кездесуге жанкүйерлердің қызығушылығы зор. Ұлттық құраманың Еуро-2024-ке жетуге мүмкіндігі қандай? 

 «Барлық билеттер сатып алынды!» Қай сайтты ашсаң да, қай кассаға барсаң да жауап жалғыз. Қазақстан мен Финляндия арасындағы кездесуге билеттің бағасы мың теңге мен 7-8 мың арасында болған. Билетті алып үлгергендердің бірі - Расул. Сатылым басталған бетте қам жасаған екен.

Расул Қасымхан, қала тұрғыны:

Бір адамға 5-ақ билет алуға болады екен. 2-3 адам бірігіп көбірек билет алып алдық. Ала алмаған адамдар билет іздеп жүр. Табылатын шығар деген ойдамыз.

Жалпы, елімізде футболды тұрақты түрде тамашалап, жанкүйер болу үрдісі қалыптасып келеді. Ал, ұлттық құраманың матчарына қашаннан адам көп барады. Бірақ, кейінгі уақытта жанкүйерлердің қатары еселеніп жатқаны байқалады. Бұған құраманың жетістіктері де сеп болса керек.

Бек Төлеуов, спорт журналисі:

Егер құрама бұрыңғыдай күнде жеңіле берсе онда тағы да стадион азайып кетеді. Әлі де біз фрайер жағып жатқан жоқпыз. Телефонның жарығын түсіру, қолпаштау, ту ұстап бару деген сияқты суб мәдениеттің белгілі мөлшері қалыптасып жатыр.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында 4 ойын өткізді. Алғашқы матчта Словенияға бір доп айырмасымен жол берді. Одан кейін қатарынан үш ойында жеңіске жетті. Осылайша қазіргі таңда 9 ұпаймен өз тобында екінші орында тұр

Аслан Қаженов, журналист:

Соңғы екі матчта алдағы жақсы өнер көрсететін болсақ, сенімді түрде еуропа чемпионатына аяқ басып тұрмыз. Жігіттерде де, бас бапкерде де, жанкүйерде де керемет мүмкіндік деп ойлаймын. Іштей еуропа чемпионатындай ойнайтын сияқтымыз, сондай көңіл күй бар.

Фин құрамасымен ойыннан кейін 10 қыркүйекте Қазақстан Солтүстік Ирландия командасын қабылдайды. Бұл ойынға да билеттер түгел сатылып кеткен екен.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу