Түркияда жылдық инфляция көлемі 60 процентке жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда жылдық инфляция көлемі 60 процентке жуықтады

05.09.2023

Түркияда жылдық инфляция көлемі 60 процентке жуықтады. Бұл жайлы елдің ұлттық статитистика институты хабарлады. Экономистердің пікірінше, азық-түліктің қымбаттауы, лираның әлсіреуі мен салық мөлшерінің артуы осыған әкеп соқтырған. Түркияда азық-түлік бағасы 73 пайызға өскен. Ал жанар-жағармайға акциз тіпті 200 пайызға көтерілді. Медициналық қызмет көрсету құнының қымбаттау 80 пайызға жуықтайды. Елдің Орталық банкінің болжамына сай келер жылы инфляция деңгейі ептеп төмендеуі мүмкін.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу