Кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр

05.09.2023

Кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Президент Жарлығымен Ерлан Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақ агро-техникалық университетінде басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2019-21 жылдары осы салада вице-министр болды.

Бірер күн бұрын Ішкі істер министрі лауазымынан босатылған Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те Президент Жарлығымен жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Жамбыл облысын басқарады.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу