Қостанай облысында ауылшаруашылығы техникасының 76 пайызы ескірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында ауылшаруашылығы техникасының 76 пайызы ескірген

05.09.2023

Қостанай облысында ауылшаруашылығы техникасының 76 пайызы ескірген. Яғни, пайдалануға берілгеніне он жылдан асқан. Сол себепті кейбір шаруашылықтар агротехника талаптарын толыққанды жүзеге асыра алмайды. Мұның соңы өнімділік көрсекіші төмендеп, шығын көбейіп, кірістің азаюына әкеп соғады. Мемлекет басшысы кезекті жолдауында ауылшаруашлығы техникасын жыл сайын 8-10 пайызға жаңартуды тапсырды. Бұл тапсырма жүзеге асса, тозығы жеткен техниканың үлесін төрт жылда 60 пайызға дейін төмендетуге болады. Мамандар осылай дейді. Былтыр облыстағы ауыл шаруашылық құрылымдары 2200-ден астам түрлі техника алыпты. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп.

Владимир Семейкин, шаруа:

Қанша күтіп ұстасаң да 10-15 жылда техника ескіріп, ақауы көбейеді. Ал мерзімі өткен ескіні жаңасына ауыстырып отыруға шамамыз жете бермейді. Сондықтан мемлекет басшысының жыл сайын 8-10 пайыз техниканы жаңалау туралы бастамасын қуана қабылдадық. Яғни, мемлекеттің бұл бағытта қолдауы артады деп ойлаймын.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу