Қазақстанда 2,5 пайызбен микронесие беру шарттары жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2,5 пайызбен микронесие беру шарттары жеңілдетілді

04.09.2023

Жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарқарыз алу үшін кепілге қоя алатын мүліктің тізімі кеңейтілді. Енді банк шотында қомақты қаражат немесе кез келген елдімекенде жер учаскесі, сондай-ақ, техникасы болса төменгі пайызбен несие алуына болады.

Қарыз 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға беріледі. Өтінімдердің көбі ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда және жеңіл өнеркәсіп салаларына бағытталған. Микронесие 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін беріледі. Қарызды 5 немесе 7 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Наурыз айынан бастап мемлекет 5 мыңнан астам жас кәсіпкердің өтінішін мақұлдаған.

Хабарламаларға жазылу