Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Арман Шаққалиевті қабылдады. Қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрліктің белсенді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы серіктес елдермен арадағы тауар айналымын арттыру, экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.