Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы экономикадағы маңызды мәселелерге арналды. Маңызды құжат талқыланған жиында ғалымдар осылай деп пікірт білдірді. Бұл - елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы. «Өткен жылы бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары үлкен экономикалық өзгерістерге ұласты», - дейді сарапшылар.
Мұрат Жұрынов, «ҚР ҰҒА» Республикалық қоғамдық бірлестіктің президенті:
Ең бірінші кезекте тұрған мәселе мемлекетіміздің экономикасын көтеру. Бұл деген жұмыссыздықты жоюмен байланысты. Бұл деген кедейшілікті жоюмен байланысты. Осындай әлеуметтік мәселелер көтеріліп, енді жаңа экономикалық үрдісте халықтың әл-ауқаты жақсарады деген ойдамыз.
Қуан Нұрақын