Алматыда қала аумағындағы құрылысты жоспарлау бойынша қоғамдық талқылау өтті. Адамдардың шаһарға, сондай-ақ мегаполистің маңындағы елдімекендерге үздіксіз ағылуы өңірде халық санының күрт артуына әкелді. Бұл өз кезегінде баспана, жұмыс орны, мектеп, емхана, жол мен қоғамдық көлік қатынасы сияқты әлеуметтік қажеттілікті күн тәртібіне шығарды. Яғни, экономикаға түсетін қосымша салмақтан бөлек, реттелмеген еңбек күші мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету сияқты талаптар туындады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы мақұлданды. Ал жобаның өзі жыл соңына дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Құжат қабылданған соң көптеген мәселе реттеледі деген жоспар бар.
Любовь Нысанбаева, Қазақстан қала құрылысшылары одағының президенті:
Агломерацияға кіретін Алматы және маңындағы аумақта мүмкіндіктер өте көп. Бұл жерге туристер де, ел азаматтары да көп келеді. Ауа райы да қолайлы. Техникалық, мәдени әлеуеті жоғары. Алматы қаласының өсуі Қонаев қаласының бас жоспары ескеріледі. Жаңадан бірнеше қала салынады.
Қуан Нұрақын