Таиландта қазақстандық туристің суға кетіп, мерт болғаны расталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, марқұмның денесін Най-Янг жағажайында жұмыс істейтін құтқарушылардың бірі тапқан. Артынша ол жергілікті ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өткен. Дәрігерлер денесінен ешбір зорлық-зомбылық белгілерін анықтамағанын хабарлады. Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, туристің ата-анасына хабар берілген, мәйітті тану үшін олар Пхукетке жетті.
Аида Ахметбек