Сарапшы: Өңдеу саласына серпін керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Өңдеу саласына серпін керек

02.09.2023

Елімізге сырттан тасымалданатын тауарларды өзімізде де шығара аламыз. Осылай деген экономистер, Президенттің «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бірігіп, кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді жоба әзірленеді деген идеясын қолдап отыр.

Осылайша, импортталып жатқан 70 пайыз жеңіл өнеркәсіп пен азық-түлік тауарларын өзімізде өндіру қарқыны артады дейді. Өңірлерді дамыту үшін өңдеу саласына серпін беріп экспортқа құр шикізат емес, дайын тауар жіберуге жағдай жасау керектігін айтты.

Бауыржан Ысқақ, экономист:
Бізде қазір өңдеуші секторға серпін жетпейді деп айтуға болады. Салықтық жеңілдіктер болуы керек, егер олар нақты мәселеге туындап тұрса, үлкен бәсекелестік ортада болса немесе енді ғана құрылып, динамикасын алып келе жатса 3-5 жылға дейін салықтық жеңілдік беруге болады.
Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу