Әлихан Смайылов: Президент ұсынған бастамалар жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Президент ұсынған бастамалар жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың жалғасы

02.09.2023

Президент ұсынған бастамалар жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың жалғасы. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осылай деді. Жолдауды іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Құжатта Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді. Әлихан Смайылов елдің қуатты өнеркәсіптік негізін құру үшін өңдеу секторын жедел дамытуға баса назар аудару қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Президент тапсырмаларын жүзеге асыру үшін министрліктерге нақты тапсырма жүктеді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Осылайша, Үкімет экономиканың басым секторларын дамытуға ден қоюы қажет. Бұл ең алдымен терең өңделген тауарлар шығару, көлік-логистика әлеуетін толық ашу, туристік кластерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешен резервтерін пайдалану. Өз кезегінде Үкімет бүкіл күш-жігерін осы мақсатқа жұмылдырып, нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағыттауы тиіс.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу