АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу жауапты қадам болмақ - Ерлан Қошанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу жауапты қадам болмақ - Ерлан Қошанов

01.09.2023

Елімізде Атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізу жауапты қадам. Мәжілістің жалпы отырысында төменгі палата спикері Ерлан Қошанов осылай деді. Ендігі мақсат - Жолдауда айтылған міндеттердің заңнамалық деңгейде сапалы әрі жедел орындалуын қамтамасыз ету. Бюджеттен бөлінген әрбір тиын мүлтіксіз өз мақсатына жұмсалуға тиіс. Депутаттар мұны қатаң қадағалауы қажет, - деді Мәжіліс төрағасы.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бүгін Президент осы сессияға арналған заң шығару жұмысының басым бағыттарын айқындап берді. Біз жаңа Салық және Бюджет кодекстерін қабылдаймыз. Олар кәсіпкерліктің дамуын ынталандырып, бизнес-процестердің бәрін түсінікті және ашық етуі керек. Сонымен қатар цифрландыруды жетілдіруге, ғылым мен технологияны дамытуға заңнамалық тұрғыдан тың серпін беру қажет. Бұдан бөлек, монополияға қарсы күрестің тиімділігін артту үшін қолданыстағы заңға да өзгерістер енгіземіз.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу