Солтүстік Қазақстанда 100-ден астам сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 100-ден астам сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр

01.09.2023

Солтүстік Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республика көлемінде көш басында келеді. Өңірде 100-ден астам сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр. Тағы 17 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Мемлекет басшысы түстіктегі озық тәжірибені негізге ала отырып, ет-сүт, астық өнімдерін терең өңдеу қажеттігін еске салды.

Соңғы бес жылда теріскейде осындай 30-дан астам мал шаруашылығы кешені іске қосылды. Қазақстандықтар тұтынатын сүт өнімдерінің 25 пайызын теріскей шаруалары өндіріп отыр. Өңірде 500 мыңнан астам ірі-қара бар.

Біржан Шәймерденов, шаруа:

Үкіметтен үлкен көмек бар. Алынған бір сиырға 400 мың теңге ақша береді. Сауылған сүтке 45 теңге ақша береді. Жыл сайын тамағына 80 мыңнан береді. Ет тапсырсақ 200 теңге береді. Онымен неге айналыспасқа?

Жоспарға сай жыл соңына дейін 9 сүт тауарлы ферма ашылады. Солтүстегі игі бастамаламар өзге өңірлерге үлгі болуы керек. Теріскей шаруаларының тәжірибесі басқа өңірлерде де енгізілмек.

Мейрам Меңдібаев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі:

Мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Әлеуметтік сұрақтар барынша шешіліп жатыр. Жол, су, үйлер салынып жатыр. Содан кейін біздің опытымыз күллі Қазақстанда жарияланып, жасалынып жатыр.

Сәтбек Қожаев бір ай бұрын Жамбыл облысынан Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныс аударған. 7 балалы отбасы бірден баспаналы болды. Мал алып, кәсіп ашу мақсатында қайтарымсыз грант алмақ. Ол Президенттің биылғы жолдауында ауыл шаруашылығы саласына басымдық бергені болашақақа сенім ұялаттты дейді.

Сәтбек Қожаев, ауыл тұрғыны:

Грантқа тапсырып қойдық. Енді әрі қарай субсидия алып, мал басын көбейтіп, сүт өнімімен, ет өнімімен айналыссақ деп жатырмыз. Мемлекеттен қолдау күтеміз. Президентіміз айтқандай, көмектесеміз деп жатыр.

Өңірде сүт өнімдерінің 150 түрі шығарылады. Басты мақсат - иморттық тауарларды ығыстырып, ішкі сұранысты қамтамасыз ету.

Эльмира Кәленова, тілші:

Ауыл шаруашылығы саласында 38 жоба жүзеге асырылуда. Инвестицияның жалпы құны 83 миллиард теңге. Өңірдің түкпір-түкпірінде сүт, қой фермалары, құс фабрикасы, май зауыты мен жылыжайлар салынып жатыр.


Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу