Мемлекет басшысы атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалдың қызу талқыланып жатқанын және әр тараптың ұстанымына негіз барын айта келе, мәселенің оң шешімін шығарудың тетігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан, оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз.
Азамат Бейбітұлы