Батыс Қазақстан облысының Жалын ауылында жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының Жалын ауылында жаңа мектеп ашылды

01.09.2023

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы Жалын ауылында 54 орындық жаңа мектеп ғимараты ашылды. Бұл – өңірде тапсырылған 16 шағын жинақты мектептің алғашқысы.
Бұрынғы мектеп жарты ғасыр бұрын салынған апатты жағдайдағы ғимарат еді. Енді, міне, жаңа оқу жылында шәкірттер мен ұстаздар жаңа білім ордасына кіріп, зор қуанышқа бөленді. Мұнда оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Бүгіннен бастап облыстағы 376 мектепте 121 мың бала білім алмақ. Өңірде 9 үш ауысымды, 12 апатты мектеп бар. Мәселені шешу үшін 23 жаңа ғимарат салу жоспарланған. Ал «Жайлы мектеп» жобасы бойынша биыл 9 білім ордасының құрылысы басталмақ.

Айгүл Салықова, ардагер ұстаз:
Қуаныштымыз. Мектеп жаңадан салынып жатыр, жақсы. Ауыл халқы, бүкіл ұстаздар қауымы, шәкірттеріміз, қуанышты. Жаңа заманға сай мектеп салынып жатыр. Өте ризамыз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу