Елімізде жаңадан екі министрлік құрылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңадан екі министрлік құрылатын болды

01.09.2023

Елімізде жаңадан екі министрлік құрылатын болды. Оның бірі - бұрынғы Көлік министрлігі қайта жасақталады. Мемлекет басшысы логистика саласын дамыту – стратегиялық міндет,-деді. Үш жылда оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі 9 пайызға жетуі тиіс. Ол үшін көлік министрлігі қажет және бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады. Сондай-ақ, еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады. Су мәселесін түбегейлі реттеу үшін жаңа министрлік құрылмақ.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу