Оңтүстік Африка Республикасында көп қабатты ғимарат өртеніп, 73 адам қаза тапты. Тағы 52 адам жарақаттанған. Оқиға елдің ірі қаласы Йоханнесбург орталығында болды. Өртке оранған ғимаратта адамдар заңсыз тұрып келген. Әзірге тілсіз жаудың тұтануына не себеп болғаны белгісіз. Жалын өшірілді. Алайда ғимараттан әлі де түтін шығып жатыр.
Арай Төлгенқызы