Несие көлемін азайту үшін қарыз беру талаптарын қиындату қажет - сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие көлемін азайту үшін қарыз беру талаптарын қиындату қажет - сарапшылар

31.08.2023

Елімізде тұтынушылық несие алушылар тағы көбейді. Ұлттық банктің дерегінше, оның көлемі соңғы бір айдың өзінде 5,9 пайызға дейін артқан. Яғни қазақстандықтар өткен аймен салыстырғанда 500 млрд теңгеге көбірек қарыз алған. Осылайша, екінші деңгейлі банктер жалпы 8,9 трлн теңгеге несие рәсімдепті. Кредит көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Қала тұрғындардың берешегі 3 трлн теңгеге жуықтаған. Экономист сарапшылар тұтынушылық несие көлемін азайту үшін қарыз беру талаптарын қиындату қажеттігін айтады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу