Жетісу облысының Қабанбай ауылында 21 адам астан уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысының Қабанбай ауылында 21 адам астан уланды

31.08.2023

Жетісу облысының Қабанбай ауылында 21 адам астан уланды. Олардың бәріне инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнторит және колит диагнозы қойылған. Мамандардың алдын ала зерттеу мәліметі бойынша, азаматтар үйлену тойында әзірленген тамақтан ұшынған. 11 адам аудандық ауруханада ем алуға жатқызылса, 10 адам үйіне қайтарылған.

Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері сараптамалар алып, зертханаға жөнелтті. Айтуларынша, осы оқиғадан кейін басқа азаматтардан денсаулығына шағым түсірген жағдай тіркелмеген.

Самат Ахметов, Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Астың бір бөлігі мейрамханада дайындалған. Жартысы үй жағдайында дайындалған. Қазіргі кезде лабороториялық зерттеулер жұмысы барысында толық ақпарат қорытындысы бойынша қосымша береміз. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу