Қазақстандағы саяси жаңғыру – қоғамды демократияландырудың айқын көрінісі. Елдегі конституциялық реформаның алғашқы нәтижелері туралы шетел бұқаралық ақпарат құралдары осылай деп жазып жатыр. Француздық Legavox.fr сайты жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Президент өкілеттігінің қысқарғаны мен Парламент рөлінің күшейгіндігін тілге тиек еткен.
Қазақстандағы конституциялық реформа елді демократияландырудың көрінісіне айналды. Демократияландыру – көшпенді халықтың тарихи мұрасы. Ғасырлар қойнауында елдің болашағы үшін маңызды шешімдер ірі кеңестерде, яғни құрылтайда қабылданды. Ұлыстарды ұйыстырған құрылтай дархан дала төсінде бірегей парламенттік демократиялық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Дарын Сағитов