Енді елдегі әлеуметтік қолдау бір ғана құжатпен Әлеуметтік Кодекспен реттеледі. Кодекс енгізілгеннен кейін артық 9 заңның күші жойылып, қолданыстағы 50-ден астам заңнамаға өзгерістер енгізілген. Жаңа кодексте бұған дейінгі әлеуметтік қолдау жүйесі толығымен сақталған. Құжатта 2023-2027 жылдар аралығында ең төменгі зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен 70 пайызға дейін жеткізу көзделген. Сондай-ақ азаматтар енді өздерінің зейнетақы активтерінің 50 пайызын сенімгерлік басқаруға бере алады. Жаңа әлеуметтік саясатта цифрландыруға ерекше мән беріліп отыр. Енді қазақстандық отбасылар үшін жанұяның цифрлық картасы іске қосылады. Ол арқылы азаматтар мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін біле алады.
Нұрсұлу Кемел, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры:
Биылғы жылдың өзінде сақтандыру жүйесінде жылына бір миллион 200 мыңға жуық азамат әлеуметтік төлемдер алады. Осы төлемдердің 56 пайызы электрондық қызмет түрінде көрсетілді. Осы электрондық қызметтер осы уақытқа дейін, әлеуметік кодекс қабылданғанға дейін 8 жұмыс күні ішінде қарастырылып қабылданса, азаматтар үшін оны 4 күнге дейін қысқарттық.
Қуандық Танабас