Еліміздегі 3 мыңға жуық жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен несие берілді. Бағдарлама наурыз айында ғана іске қосылған. Оған 21-35 жас аралығындағы жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастар қатыса алады. Осы уақытқа дейін берілген несие көлемі - 12 млрд 9 млн теңге. Жыл соңына дейін тағы 16 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Несиені 5 жылға дейін рәсімдей алады. Ауыл шаруашылығы үшін алынған қарызды 7 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Қарыз мөлшері 5 млн теңгеден аспайды.
Айя Мүтәлі