Елімізде «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

29.08.2023

Ел аумағында «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр. ІІМ дегерінше, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол көлік апаттар саны азайғанымен, қаза болған балалар саны 38 пайызға өскен. Мамандар 1200-ге жуық мектеп автобусын тексерген. Оның 200-ден астамына кемшіліктерді жою бойынша нұсқама берген. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары маңындағы қауіпсіздігі мәселесі де құзырлы орган өкілдерін алаңдатып отыр. Шара аясында аумақтық бөлімше мамандары түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатқандарын жеткізді. 



Хабарламаларға жазылу