Жыл басынан бері орамжапырақ 66 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросы азық-түлік құнына қатысты деректерді жариялады. Мұнан бөлек, сәбіз бен күріш бағасы 34 процентке дейін шарықтаған. Қымбаттаған азық-түлік қатарында пияз, сүт пен сиыр еті бар. Баға, әсіресе, Жезқазған, Астана мен Талдықорған қалаларында көтерілген. Ал қарақұмық, күнбағыс майы, қант, ұн мен жұмыртқа біршама арзандады.
Досжан Маратұлы