Жастарға арналған бірыңғай ақпараттық-цифрлық платформа құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға арналған бірыңғай ақпараттық-цифрлық платформа құрылады

28.08.2023

Жастарға арналған бірыңғай ақпараттық-цифрлық платформа құрылады. Бұл туралы «Жастар академиясы» республикалық форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты. Қазір елімізде білім алмаған, жұмыссыз жүрген жастардың қатары жарты миллионнан асқан. Оларды еңбекпен қамтитын, кәсіп ашу немесе тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие беретін бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Алайда, оны көбі біле бермейді. Сондықтан цифрлық платформада жастарды қолдау шаралары туралы барлық мәлімет жиналып, оларға қатысудың нақты алгоритімі көрсетілмек.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Жастар жөніндегі заң шыққаннан кейін жастарды дамыту жөніндегі арнайы тұжырымдама бекітілді. Қазір елімізде жастардың саны 6 миллионға дейін көбейді. Сондықтан, әрине, мәселелер де аз емес. Біз осы алаңдарда жалпы қандай мәселелер бар. Жастардың проблемалары төңірегінде әртүрлі пікірталастар болады.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу