Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымын арттыруға арналған онлайн платформа таныстырылды. Жүйенің басты артықшылығы тауарды тікелей өндірушіден сатып алуға болады. Баға арзандайды, сапа артады және алыпсатарлар азаяды. Іс-шара аясында қытай өндірушілерінің көрмесі де ұйымдастырылды. Онда киім-кешек, медицина, құрылыс, электроника өнімдері қойылды.
Мэнг Сю Ли, көрмені ұйымдастырушы:
Біз Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттықты арттырғымыз келеді. Жәрмеңке Үрімжі мен Алматы қаласында, одан кейін Түркістанда өтеді. Мақсатымыз – Жібек жолы арқылы сауданы дамыту.
Ернұр Қоңырбаев, кәсіпкер:
Алматы мен Шымкент қаласына қойма салайын деп жатыр екен 10 шаршы метрден. Зауыттағы өндірушіден тікелей. Ол халыққа ыңғайлы. Себебі күтіп көп уақыт кетпейді, уақыт тез болады. Және бағасы зауыттың бағасымен берледі. Бұл адамдарға да ыңғайлы, кәсіперлерге де, бізге де жақсы болады деп ойлаймын.
Дарын Сағитов