Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

28.08.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады. Наталья Годунова палатаның 1-жартыжылдықта атқарған қызметі туралы есеп берді. 121 нысанда 12 тексеріс жүргізілген. Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен өзге де мекемелерге жүргізілген аудиторлық тексеру қорытындысы айтылды. Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне аудит жүргізуге қатысты тапсырма берді. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу