Қостанай облысында мерекелік кеште 9 жасар қызды тоқ соғып, ауруханаға түсті. Оқиға Ұзынкөл кентінде болған. Жастар күніне орай ауылда көбік кеші ұйымдастырылған. Зардап шеккен жасөспірімге кезекші дәрігерлер сол сәтте-ақ алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды.Қазір бала аудандық ауруханада ем алып жатыр. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Дәуренбек Әбдібек