Президент: Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды реттеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды реттеу керек

28.08.2023

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеу керек. Мемлекет басшысы Үкіметке осылай деп тапсырма берді. Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу жайын ерекше атады. Бұл мәселе бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені айтылды.

Хабарламаларға жазылу