Шымкентте үш ауысымды мектеп проблемасы шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте үш ауысымды мектеп проблемасы шешілді

25.08.2023

Шымкент қаласының оқушылары жаңа оқу жылында түгелдей екі ауысыммен білім алатын болды. Биыл 18 жаңа мектеп салынып, соның нәтижесінде балаларға осы кезге дейін амалсыз үш ауысыммен білім беріп келген оқу ордаларының проблемасы толық шешілді. Ұстаздардың алдында тұрған ендігі міндет білім сапасын арттыру болып отыр.

Шаһардағы №65 мектеп оқушылары мен ұстаздары ұзақ жылға созылған қиындықтан соң биыл екі ауысыммен білім алатын болды. Қыркүйекте білім ұясының жанынан соғылған 600 орынға лайықталған жаңа ғимаратта алғашқы қоңырау соғылады. Бұған дейін үш ауысымда оқыған 3,5 мың шәкірт енді сабағын жайлы ортада жалғастырмақ.

Раушан Балтабекова, мектеп директорының орынбасары:

Материалдық базасымз кеңейді және оқушылардың жеке кабинетте ғылыми жобамен айналысуына, мұғалімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға жеке кабинеттер берліп жатыр. Бұл біз үшін үлкен мүміндіктер.

Сонымен биыл мегаполистегі мектептерің барлығында ғимарат жеткілікті. Оқу құралдары сай. Енді ұстаздар шәкіртердің білім деңгейін арттыруға барын салмақ. Ол үшін алдымен педагогтардың біліктілігін жетілдіру қажет. Бүгінгі таңда шаһар мектептерінде 21 мыңнан астам мұғалім ұстаздық етеді. Олардың 62 пайызы жоғары санатты мамандар.

Жанат Тәжиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

Бірінші кезекте педагогтерді білім жетілдіру курстарынан өткізу. Олардың сапасын нақты білу үшін дипломдарының жалған, жалған еместігін анықтау. Үшінші, оқушыларға берген білімдері мен алып отырған жалақыларының сәкестігін қадағалау.

Өткен оқу жылында шымкенттік 42 оқушы халықаралық және республикалық білім сайыстарында топ жарған. Бұған білім жүйесін сандық жүйеге көшіру де ықпал етті. Саланы цифрландыру бойынша шаһар елімізде көш бастап тұр. Бүгінде қаладағы 246 қала мектепте 250 мыңға жуық оқушы білім алады. Келер жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 білім ұясы салынғалы жатыр.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу