«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қорына аударған қаржыға 35 қайырымдылық бағдарлама іске асып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қорына аударған қаржыға 35 қайырымдылық бағдарлама іске асып жатыр

25.08.2023

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қорына аударған қаражатына 6 бағытта 35 қайырымдылық бағдарлама іске асып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін бастаманың бірі – «Самұрық-Қазына» жыл сайынғы таза табысының 7%-ын «Қазақстан халқына» қорына аудару екенін айтқан еді. Былтыр қорға 66,6 миллиард теңге бөлінді. Ауыр сырқатқа шалдыққан 324 адамға 25 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі алынды. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан студенттерге 850 оқу гранты бөлінді. Ауылдарда 24 спорт залы ашылды, тағы 76 зал ашу жоспарланып отыр. 96 бала мен жасөспірім инновациялық протезбен қамтамасыз етілді. Оған 931 миллион теңге жұмсалды.  


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу