Шығыс Қазақстан облысындағы жағажайларда құтқарушылар жетіспейді. Тіпті өңірдегі ең үлкен су айдыны Бұқтырманың бойындағы демалыс нысандарында арнайы құтқару қызметі жоқ. Бір ғана Самар ауданына қарасты бөлігінде соңғы екі-үш жылда жүздеген демалыс орны бой көтерді. Негізі талап бойынша демалыс орындарының иелері арнайы құтқару бекетін ашуға міндетті. Алайда бұл талапты қазір бірде-бір кәсіпкер орындап отырған жоқ. Есесіне жазда жағажайда ине шаншар орын болмайды. Биыл маусым айынан бері облыста 6 адам суға батып қайтыс болған.
Әсет Сейілқұмаров, Самар аудандық ТЖ бөлімінің бастығы:
Біздің құтқару бекетінде үш-ақ адам бар, 2 700 нысанға қарайды. Сонымен қатар Сарыбел, Новостройка ауылдары бар, бәріне үлгермейді.
Олжас Керейхан