Тамыз кеңесі: Соңғы қоңырау қайтадан 25 мамырға ауысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыз кеңесі: Соңғы қоңырау қайтадан 25 мамырға ауысады

25.08.2023

Соңғы қоңырау қайтадан 25 мамырға ауысады. Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінде айтылды.

Елдос Есенбол, тілші:

Оқу жылының қайтадан 25 мамырда аяқталатынын мұғалім қауымы өте жылы қабыладады. Оны вице-премьер Тамара Дүйсенова жаңалықты хабарлағанда қошемет білдіргенінен байқауға болады. Еңбек министрі өз сөзінде: «оқу жылын 36 аптаға ұзарту дұрыс, бірақ асығыс шешім болды»,-деді. Сондықтан оқу жылын қайтадан 34 аптада яғни 25 мамырда аяқтауды ұсынды. Биылғы тамыз кеңесінің ерекшелігі барлық 20 өңір тақырыптық бағытқа бөлінген. Мысалы Қызылорда облысы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мәселесін көтерсе, Ақтөбе облысы «Ауыл мектебін дамыту» тақырыбында, қостанайлықтар «Инклюзивтік және арнайы білім» тақырыбын талқылады. Сондай-ақ биыл мұғалімдерді аттестаттау мәселесіне қатысты да жаңалық бар. Оны Оқу-ағарту министрі мәлімдеді.

Және тағы мектептегі орын тапшылығы, мектептегі қауіпсіздік, педагог даярлау мәселелері жөнінде де сөз қозғалды. 

Елдос Есенбол


Хабарламаларға жазылу