«Мектепке жол» акциясы аясында 100 елордалық балаға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» акциясы аясында 100 елордалық балаға көмек көрсетілді

25.08.2023

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы аз қамтылған отбасылардан шыққан 100 елордалық балаға көмек көрсетті. Қайырымдылық шара «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өтті.

Ұйымдастырушылар оқушыларға сөмке және оқу құралдарын сатып алуға отыз мың теңгенің сертификатын табыстады. Ассамблея төрағасы дәстүрлі шара еліміздің барлық өңірін қамтығанын жеткізді. Бүгінге дейін 2 500 көпбалалы отбасыдан шықан 4 500 жуық балаға 139 миллион теңгеден астам сомаға мектепке арналған киім-кешек пен оқу-құралдары сатып алынды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу