Интеграцияның пайдасын сезінуіміз керек - Премьер-Министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интеграцияның пайдасын сезінуіміз керек - Премьер-Министр

25.08.2023

Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің халқы мен бизнес-қоғамдастықтары интеграцияның нақты пайдасын сезінуі тиіс. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Арменияда 5 елдің үкімет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысында айтты. Жиында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды. Үкімет басшысының айтуынша, ортақ күш-жігердің арқасында Одақтың әлеуеті кеңейіп келеді, бұл – еуразиялық интеграцияның тиімділігінің дәлелі. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы мамыр айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында одаққа мүше елдердің құқығына кешенді талдау жүргізу қажеттігі туралы айтқан еді. Қазір осы ұсыныстар бойынша баяндама түзіліп жатыр, деді. Онда жекелеген келісімдердің жүзеге аспауының нақты себептері көрсетіле отырып, толыққанды және объективті болады деген пікірде.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Еуразиялық экономикалық одақ жетілу кезеңінен өтуде. Интеграция үрдісіне жаңа салаларды аралыстыруда мұқият болу қажет деп санаймыз. Бұл тәжірибе Одақтың жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Осы баяндама бізге Одақтағы қазіргі ахуалды бағалап, қателіктер бойынша жұмыс жүргізуге және алдағы уақыттағы экономикалық интеграцияның даму контурын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан жаңа даму мүмкіндіктерін іздеуде, өзара қарым-қатынастарды нығайтуда және ортақ экономикалық сын-тегеуріндерді шешуде белсенді жұмыс істеуге ниетті.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу