«Астана» мен «Партизани» клубтары арасындағы ойын Ұлттық арнада тікелей эфирде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» мен «Партизани» клубтары арасындағы ойын Ұлттық арнада тікелей эфирде көрсетіледі

24.08.2023

Бүгін Астана командасы конференция Лигасы аясында Албанияның «Партизани» футбол клубын қабылдайды. Ойынды Қазақстан Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ал елордада «Астана» командасының жанкүйерлері бірнеше сағат бұрын жиналып, өз командаларына қолдау білдіріп жатыр. Олар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алдынан Астана Арена стадионына дейін түрлі ұрандар айтып, жаяу жүріп өтті.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу