Алматыдағы паллиативтік көмек көрсету орталығында науқастарға қолайлы жағдай жасалмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы паллиативтік көмек көрсету орталығында науқастарға қолайлы жағдай жасалмаған

24.08.2023

Алматыдағы «Паллиативтік көмек көрсету орталығында» науқастарға қолайлы жағдай жасалмаған. Ғимарат ескі, жуынатын бөлемелері тар, қажетті жабдықтар жетіспейді. Әлеуметтік нысанның жұмысымен тынасқан Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау осылай дейді. Бұл туралы ол шетелдік азаматтардың шағымынан кейін білген.Қазір орталықта медицина мамандарының көмегіне зәру 100-ден астам адам жатыр. Көбі ем қонбайтын аурумен арпалысқан жандар. Сондықтан олардың жағдайына бейжай қарауға болмайды дейді депутат.

Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жуынатын жерін көрсеңіз, кішкентай ғана бөлме. Орындық қойып қойған ол жерге. Менде суреті бар. Сол мәселені көтерген едім, өкінішке қарай, Алматы қаласы әкімдігі тарапынан ештеңе жасалған жоқ. Жалпы жағдай жақсарту керек. Жөндеу жұмыстарын жасап бергенмен қоймай, жабдықтар алып беру керек.


Хабарламаларға жазылу