Солтүстік Қазақстанда қатты соққан дауылдан үйлердің шатыры ұшты
Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданында қатты дауыл соғып, 4 көпқабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті.
Сонымен қатар бірнеше ғимараттың қасбеті зақымданды. Желдің жылдамдығы секундына 30 сантиметрге жеткен. Соңы жаңбыр мен бұршаққа ұласты. Салдарынан аудан орталығы Новоишим және Пески ауылдарының тұрғындары жарықсыз қалды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір бүлінген нысандарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Материалдық шығынды бағалау, анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылмақ.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемде жасыл энергия үлесі артты
22.10.2025, 13:20

Астанада Ш.Қалдаяқов әндері негізінде түсірілген фильм көрсетілді
22.10.2025, 13:20
Қаракөл тұқымын әлемге танытқан Б.Мейіровті созақтықтар ұмытпайды
22.10.2025, 13:18
Павлодарда қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдануда
22.10.2025, 13:15
Өскеменді басқан зиянды түтін сейілмей тұр
22.10.2025, 13:13
ЕуроОдақ Орталық Азия елдерімен байланысты нығайтуда Қазақстанға сенім артады
22.10.2025, 13:11
Алтын арзандады
22.10.2025, 13:09
Лувр музейінен ұрланған бұйымдардың құны €88 млн
22.10.2025, 13:06