Ұлттық музейге жыл басынан бері 310 мың адам келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейге жыл басынан бері 310 мың адам келген

23.08.2023

Елордадағы Ұлттық музейге келушілердің қатары артқан. Жыл басынан бері 310 мың адам келген. Оның 90 мыңы бала болса, 40 мыңы шетелдік туристер. Мұражай қызметкерлері мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған деп отыр. Олар мұның себебін биыл ашылған палеонтология залы мен қолөнершілер орталығымен байланыстырады. Айта кетейік, мұнда экскурсияны 20 маман: қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде жүргізеді. Күніне әр қызметкер 20-дан аса топты музеймен таныстырады.

Әубәкір Үмбетов, қала тұрғыны:

Алтын адамды мен бала кезімнен білемін. Соны көріп, жүрегім қозғалды. Мынау Алашты көріп, қуанып тұрмын. Көптеген ғаламаттар бар мұның ішінде. Ардақты Абайымызды көрдім. Балаларым әкеліп тұр, оларға рахмет.

Джон Рамачер, турист:

АҚШ азаматымын. Музейге досымның кеңесімен келдім, әзірге 3 залды аралап шықтым. Адам көп екен. Экскурсоводтар жақсы түсіндіреді. Қазақ елінің мәдениетін, әдет-ғұрпын біршама біліп қалдым.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу