Түркістан облысында 10 жасар жеткіншектің денесі судан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 10 жасар жеткіншектің денесі судан шығарылды

23.08.2023

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды. 10 жастағы жеткіншектің мәйітін сүңгуірлер оқиға орнынан 1,5 шақырым жерден тапқан. Өзге он адамның мәйітін құтқарушылар үш күн бойы іздестіріп, шығарып алған еді.

Айта кетейік, Ызакөл ауылында тұратын бір әулеттің 20 адамы дарияға шомылуға барған. Алты жасар қыз абайсызда суға батып кеткен соң, оны құтқаруға анасы мен өзге бауырлары жанталасқан. Олардың ең үлкені 40 жаста болса, ең кішісі 4 жасар сәби. Кеше сегіз адамның жаназасы шығарылып, жер қойнына тапсырылды. Аман қалған 9 жастағы қыз бала мен 8 жасар ұл аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу